«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.
Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»
Б. Момышұлы
17 қараша 2023 жылы балабақшамызда Ересек тобының тәрбиеленушілері арасында «Алтын сақа» Республикалық челенджі өтті.
Челлендж - еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, өз еліне, өз ұлтының құндылықтарына, отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген білім алушылардың қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция.
Челлендж - көркемдік-эстетикалық дамудың бір түрі, балалардың, тәрбиешілер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсетудің үлкен мүмкіндігі.
Челлендж мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу.
Челлендж міндеті: ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу
17 қараша 2023 жылы музыка жетекшісі Г.Арықбаева ашық оқу қызметін өткізді.
Такырыбы : «Музыка және табиғат»
Міндеттері: Ертегінің мазмұнын, кейіпкерлердің сипатын бере алу, ажырату, әнге қосыла айту.
Ертегі кейіпкерлерімен бірге араласып жүріп, мазмұнын түсінеді, әртүрлі сипаттағы әнді айтуды үйренеді.
16 қараша 2023 жылы балабақша жоспарына сәйкес «Ертегі бала болашағының бағдары» атты семинар-практикум өтті. Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
29 қыркүйек 2023 жылы меңгеруші жанындағы кеңесте «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша меңгеруші Д.Кубесова түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаны іске асыру мақсатында педагогтарды жұмыс жоспарымен таныстырды.
27 қазан 2023 жылы «Тіл болашағы - балабақшада» атты аудандық байқауы өтті.
Мақсаты: Балаларға қазақ тілінде коммуникация дағдыларын дарыту, мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын ояту.
Байқауға 9 балабақша қатысып, біздің балабақшамыздың «Балбөбек» тобы жүлделі 2 орыңға ие болды. Қатысқан тәрбиеленушілер:
- Тұрарбек Инабат
- Сембай Раяна
- Қаршыға Айсұлтан
- Данияр Арман
- Айғара Амелия
- Ниязбекова Айзере
- Тукина Максуда
- Казиева Аруназ
Балабақша медбикесі ата-аналарға қызылша туралы мәліметтер беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
30.10.2023ж.
Екпе алмаған балалардың ата-аналарымен кездесіп,түсіндірме жұмыстары жұргізілді.
30.10.2023
27.10.2023
30 қазан 2023 жылы балабақшаның медбикелері М.Абаева мен А.Қазанбаева тәрбиешілер арасында қызылша туралы дөңгелек үстел өткізіп, мәліметтер берді.
14 қыркүйек 2023 жылы балабақша медбикесі А.Қазанбаева ата-аналар жиналысына қатысып, қызылша туралы мәлімет беріп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
12 мамыр күні балабақшада жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
- 2022 – 2023 оқу жылының қорытындысы
- «Сауықтыру – шынықтыру жұмысы дағдылардың тәрбиелік мәні»
- Балабақша меңгерушінің есебі .