Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/balbobek.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

№4 «БАЛБӨБЕК» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Еліміздің нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз.көп жылдық тарихы бар бірнеше ұрпақты тәрбиелеп, мектепке дейінгі тәрбие мен білімді ұштастырған қасиетті шаңырақ

Біздің балабақша – өнер мен білімге құштар бүлдіршіндердің алтын ұясы.

Біздің балабақшадағы әр бала үшін жасаған іс-әрекетіміз осы бүлдіршіндердің дамуы  мен жетілуіне бағытталады.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №4 «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы» МКҚК - дамытушы, тәрбие барысын ұлттық рухта жүргізетін мектепке дейінгі мекеме.

Балабақша – баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын  ең алғашқы қоғамдық ошағы.Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға байланысты.

Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами құндылықтарды бойына дарыту-ол оңай шаруа емес.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.                                                           

МКҚК №4 «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы 2019 жылы 11 қаңтарда қайта құру жолыменен қайта ұйымдастырылды. Жобалық қуаты 280 орын. Ақтөбе обылысы, Алға қаласы, Байтұрсынов көшесі №17 Б ғимаратында  орналасқан.

№4 «Балбөбек» бөбекжай балабақша ғимараты 1969жылы пайдалануға берілді.

1969-1975жж аралығында аудандық әйелдерді босандыру ауруханасы меңгерушісі А.Сакульский.

1975-1977 жж аралығында балаларға арналған жұқпалы ауруларды емдеу ауруханасы.

1977-1999жж аралығында №6 «Ласточка» балабақшасы болған.

Меңгерушілері - Л.Панина, Н.Наточи, Л.Швец, М.Панкратова, Л.Никулина

1999-2005жж аралығында  №3 қазақ орта мектебінің бастауыш 16 сыныбы осы ғимаратта оқытылды.

 2005ж күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін, «Алға мектеп-бақшасы» ММ ретінде жұмыс істей бастады.

Директорлары-

2005-2009 жж аралығында Гүлмира Абдигалиевна Есенова,

2009-2012 жж аралығында Майра Кусейновна Домбаулова

2012 -2016 жж аралығында Агниязова Жансары Казымовна

2016 жылдан бастап Кубесова Динара Калимжановна атқарып келеді

2005ж бастап бүгінге дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Отаралина Г.К, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бошанова, әдіскер жұмысын А.Кармашева атқарып келеді

2009ж ақпанында КБАжҚДИ-дің ұйымдастыруымен «Тілдің үш тұғырлылығы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2009ж. сәуір айында «Ғылым мен практиканың интеграциялануы жағдайында мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

2009 – 2010 жж, 2010-2011 оқу жылдарында 6 мұғалім: Ж.Агниязова, С.Барзакова, Л.Бошанова, А.Кармашева, Ш.Давлетова, Б.Калиева облыс әкімінен «Үздік класс жетекші», «Үздік мұғалім» Сертификаттарын иеленді. Облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыратын облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, «Ең үздік жоба» атағын жеңіп алды. Бастауыш сыныптардың «Тал бесік» тәрбие бағдарламасын құрастырды. «Құқық және біз» тәрбие сағаттары жинағын, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдандыру әлеуеті : мүмкіндіктері, тәжірибесі, жүзеге асырылуы» тақырыбында өткізген облыстық практикалық семинар жинағын, «Ұлт тәрбиесі-ұрпақ тәрбиесі» жинағын шығарды. 2013 жылы Республикалық 45 минут газетіне ашық сабақтарын жариялады.

2011 ж. Дарынды балалар –Қазақстанның болашағы Энциклопедиясына үздік 10 оқу озаты, 10 үздік педагог енді. Энциклопедияның Құрмет тақтасына 10 педагог «Үздік қызметкер» атағына иеленді. 

2012-2013 оқу жылынан бастап 2 педагог Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру мекемелерін аттестаттау комиссиясы мүшесі.

2013-2014 оқу жылында оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді  ұйымдастыру мақсатында «Жүз бала» жобасы қолға алынды. Аптасына 1 рет ақысыз үйірмелер жұмыс жасалды. Жобаның басты мақсаты оқушыларды 100 % қамту. Оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстардың есебі ретінде «Жарқыраған жұлдыздар» фестивалі өткізілді.

Үйірмелер: «Қиялдар әлемі» шебер қолдар ,«Мәнерлеп оқу», «Көңілді қуыршақтар», «Талаптылар» мәнерлеп оқудан, «Сазды әуен», «Ұшқыр қалам» көркем жазудан, «Шабыт» ансамблі, «Қылқалам», «Ғажайып гүлдер» оқушылардыңда, ата-аналардыңда көңілінен шықты.

2014-2016 оқу жылдары аралығында мектеп–бақша жұмысы жоспар бойынша жүргізілді. Мектеп-бақшада  6 класс-комплект,  онда 110 оқушы бар. 10 мектепке дейінгі топтар,  онда 315 тәрбиеленуші бар, 40 педагог қызмет атқарады, оның ішінде деңгейлік курстан 4 педагог өтті

1 бастауыш сынып мұғалімі облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сайысына қатысса 1 мұғалімі аудандық «Үздік бастауыш класс мұғалімі»  сайысына қатысты.

Осы оқу жылында ағылшын тілі пәні мұғалімі аудандық шебер-класс өткізді .

Мектеп - бақша  білім беру мекемесінің халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық  сайыстарға қатысуы

Б.Демисинова – 2014 ж «Жыл тәрбиешісі-2014» қатысып, «Шығармашыл педагог»  номинациясын  алған.

  • Ж.Саттарова,А.Нугманова, Н.Шөкім, Ж.Есентугелова - 2014 ж «Үздік топ тәрбиешілер-2014» аудандық байқауына қатысып, жүлделі І орынды иленіп, Мадақтама қағазын алған.

Н.Шөкім, Ж.Есентугелова - 2015 ж. АОҒТО «Топтағы ең үздік тілдік-көркем орталық» атты сыртай байқауына қатысып сертификат алған.

  • А.Бегжанова, Ж.Есентугелова - 2016 ж. «Пони»Халықаралық байқауының Дипломы және сертификат алған.
  • А.Бегжанова – 2016 ж Алға аудандық білім бөлімінің ұйымдастырған «Мектепалды даярлық кластың үздік педагогы-2016»атты байқауына қатысып, ІІ дәрежелі Диплом алған.
  • А.Даулетбаева 2014ж халықаралық семинарға қатысып, сертификат алған.
  • А.Даулетбаева 2014ж халықаралық шебер класқа ктысып, сертификат алған.
  • Ш.Давлетова 2014ж бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Үздік әдістемелік қобдиша» атты облыстық байқауға қатысып, сертификат алған.
  • Г.Бесайдарова 2014ж «Үздік бастауыш класс мұғалімі» акциясына қатысып, жас ұрпақтың сауаттылығын арттыру және сапалы білім берудің мазмұнын жаңарту жолында жаңашылдық пен кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін сертификат алған.
  • А.Даулетбаева 2015ж «Үздік класс сағаты»тақырыбындағы тәрбие сағаты сценарийлерінің облыстық сырттай конкурсына қатысқаны үшін сертификат алған.
  • А.Даулетбаева «Класс сағатының белсенді үлгілері: өзектілік, перспектива, нәтиже» тақыырыбындағы облыстық шебер-класқа қатысқаны үшін сертификат алған.
  • 2015ж Бесайдарова Г Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат алған.

2016-2017 оқу жылында оқу жылында мектеп-бақшада  6 класс-комплект болды,  онда 120 оқушы болса, 9 мектепке дейінгі топтарында 280 тәрбиеленуші тәрбиеленді, 39 педагог қызмет атқарды.Жыл бойы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың қыркүйек айында мектеп –бақшаның педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59 бабы 4 тармағы, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 635 қаулысына қосымшасы негізінде және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2016 жылғы 30 мамырдағы«Алға мектеп-бақшасы» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы» №13-14-3/522 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттесттаттаудан өтті.

Осы оқу жылдары педагогтар жетістіктері:

2016 жылы қараша айында АББ ұйымдастырған «Жыл тәрбиешісі-2016» аудандық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен Н.Шөкім марапатталды.

2016 жылы қыркүйек айында «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған халықаралық «Пони» турниріне қатысып А.Бегжанова және Ж.Есентугелова Дипломмен марапатталды.

2017 жылы АББ ұйымдастырған «Ұйымдастырылған оқу қызметі» атты сыртай байқауына қатысып Э.Қалилина ІІ орын, Г.Досова, Т.Сержанова, А.Нугманова және Б.Демисинова сертификаттар алды..

2017 жылы «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған халықаралық «Пони» турниріне қатысып Ж.Қалмаш дипломмен марапатталды.

2017 жылы Астана қаласының Білім беру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «ЕХРО-2017» қашықтықтан өткізілген байқауына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен музыка жетекшісі Арықбаева Гүлбадан  марапатталды.

Оқушылар жетістіктері:

2016жылы мектептің бастауыш сынып оқушылары «Кішкентай білгірлер» аудандық кезеңінде І орынға ие болып, облыстық кезеңіне қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

2017-2018 оқу жылында мектеп-бақшада  6 класс-комплект болды,  онда 120 оқушы болса, 10 мектепке дейінгі топтарында 280 тәрбиеленуші тәрбиеленді, 39 педагог қызмет атқарды.Жыл бойы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мектеп-бақша жетістіктері:

-Алға мектеп-бақшасы ұжымы Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Л.Уразбаеваның Алғыс хатымен марапатталды

-«Бақытты бала» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сенсорлық үйшік» үздік дидактикалық құрал» облыстық байқауының аудандық кезеңіне белсене қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды

-«Мемлекетті тіл –ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында өткен «Тіл болашағы-балабақшада» байқауына қатысып, үздік өнер көрсеткен үшін мектеп-бақшаның «Өркен» тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 2019 жылдың қаңтар айынан  бастап, қайта құру жолыменен қайта ұйымдастырылып, «Алға мектеп-бақшасы» КММ –сі атауы  «№4 «Балбөбек» Алға бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ны   болып өзгертілді.  Еліміздің нағыз азаматын тәрбиеклеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп ол балабақша. Білім бері балабақша табалдырығынан басталады. Жас ұрпақ тәрбиесіне  үлкен үлес қосып отырған балабақша туралы айтсам 280 орындық, 10 топтық балабақша. Көп жылдық тарихы бар бірнеше ұрпақты тәрбиелеп, мектепке дейінгі тәрбие мен білімді ұштастырған қасиетті шаңырақ. Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының баланың тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына қарамастан оған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Біздің  мақсатымыз:

Бар білгенімізді,асыл қасиеттерімізді, періште бөбектерге арнаймыз. Олардың жүрегіне жол тауып өзіндік «Мен» бар дәрежеге жеткізіп, оларды Отанын, туған жерін сүюге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың нәзік жүректі жан дүниесін сезініп,аялап,

сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен, бар махабатымызды беріп тәрбиелеу болмақ.

 Біздің міндеттеріміз: 

-үздіксіз білім беру, еліміздің ертеңгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін тереңдету.

-әрбір баланың денсаулығын, қабілетін,дарындылығын есепке ала отырып,

білім бағдарламаларын игеруге ықпал жасау.

-білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ тәрбиелеу

Жаңа заман ұрпағын  тәрбиелеуде  қосып отырған  үлесіміз  мол. Педаготарымыз өз білімдерін жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, оқу-тәрбие жұмысын қызықты да мазмұнды етіп жүргізуде.

Балабақша меңгерушісі: Кубесова Динара Калимжановна

№4 «Балбөбек» бөбекжай балабақшасына 2016 жылы меңгеруші болып келді. Өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттееу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері. Біліктілігі жоғары кәсіби педагогикалық маман иесі.Өз жұмысын адал және белсенді жауапкершілікпен атқарып, сенімді серіктестік қатынасты нығайтып балабақшаның дамуына және өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді. Балабақшадағы ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтап, балабақша ұжымын ауызбіршілікте ұстайды. Балалардың денсаулықтары мен өмір қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп келеді. 

Балабақшамызда қызмет ететін 31 педагогтың 12-сі жоғары педагогикалық білімі бар, 19 арнаулы орта педагог маманы.   (5 педагог сырттай жоғары оқу орнында оқып жатыр)

Тәрбиешілеріміз жыл сайын өз біліктілік санатын көтеріп отырады,соның арқасында 3 педагог –зерттеуші, 2 жоғары, 2 педагог-модератор, 10 бірінші, 8 екінші санатты педагогтар қызмет жасайды.

Педагогтарымыз аудандық, облыстық, республикалық,халықаралық сайыстарға қатысып жүлделі  орындарымен танымал.

2018-2022 жылдар аралығындағы педагогтардың жетістіктері:

- Д.Кубесова - ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Алғысы;

 ҚР білімжәене ғылым министрінің Алғыс хаты;

 Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты;

ҚР Бірінші Президенті Елбасының Алғыс хаты.

  • ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты 2020 ж
  • ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты 2022 ж
  • ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты 2021 ж
  • ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты 2022 ж.

Кармашева А.А. – ҚР Білім және ғылым министрінің  Құрмет грамотасы;

 Ақтөбе облысы біліс сапасын бақылайтын департаменті – Құрмет грамотасы

-Пони Халықаралық байқауы: Бесайдарова Г,.Нугманова А.Елшибекова, А.Шаимова Ж.Оразова А.,Сержанова Т,.Атраубаева М.,Токанова З. ,Г.Аяганова,,Г.Толыбаева, Б.Демесинова, Г.Досова, Г.Тасмагамбетова, Л.Нурадинова, А.Бисембаева- Дипломмен және Алғыс хатпен марапатталды

Ұстаз жолы» ғылыми әдістемелік орталық «Ғарыш әлемі» І Республикалық онлайн  байқау:  А.Оразова- Алғыс хат,Диплом

-Жарқыра балапан республикалық МДҰ арасындағы өнер байқауы

-«Туған жерге тағзым» аясында акция аудандық    -     Диплом, Алғыс хат

-Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы арнайы педагогика пәндері бойынша өткен олимпиада

Аяганова Г.- ІІІ, Нугманова А.-ІІІ, Бегжанова А.- ІІІ, Арыкбаева Г.-ІІ, Муратова А.- ІІ, Елшибекова А.-ІІІ орын

-ҚРАжКМ  Қазақ тест олимпиада сайт «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері»(Алматы қ) - Дерпанова Б.-ІІІ, Досова Г.-ІІІ, Исаева Г.-ІІІ, Шаимова Ж-ІІІ орын.

-«BILGEN» Ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы «Білікті педагог» олимпиада -Толыбаева Г 1 орын (Алматы қ)

- Reo.kz сайты «Республикалық онлайн олимпиада» (Нұрсұлтан қ.) - Толыбаева Г.- 1 орын.

USTAZ tileg” ғылыми-әдістемелік орталығы облыстық «Үздік тәрбиеші» пәні олимпиада - Толыбаева Г.- ІІ орын.

- А.Елшибекова - «ҚСБжҒҚКОАОҰ»ҚБ Құрмет грамотасы  АОҒТО Диплом

- Бегжанова А.- АОҒТО Диплом ІІІ 2020ж

- Арықбаева Г.- АОҒТО Диплом ІІ 2021ж

- Муратова А.- АОҒТО Диплом ІІ 2021ж

- Досова Г.- «ҚСБжҒҚКОАОҰ»ҚБ Құрмет грамотасы 2021ж

- Аяганова Г.- «ҚСБжҒҚКОАОҰ»ҚБ Құрмет грамотасы 2021ж

- Нугманова А.- АОҒТО Диплом ІІІ 2021ж, «Umit” республикалық шығармашылық орталығы Алғыс хат

Медиа білім журналы Республикалық Өрлеу порталы Құрмет грамота 2021ж

-Демисинова Б.,Оразова А.,Демисинова Б.,Бисембаева А.

«Көкжиек» Республикалық білімдер сайты шығармашылық байқау Диплом  2021ж

Халықаралық Пони Диплом, Республикалық онлайн байқау Алғыс хат 2021ж

-Бесайдарова Г.- Республикалық «Өрлеу» порталы  Құрмет грамота 2021ж

- «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтына оқу әдістемелік  - Г.Толыбаева материал жариялап  Алғыс хатпен марапатталды

Қыс қызығы-2018»  Республикалық байқауы – 6 педагог Алғыс хат.

- Патриоттық әндер байқауы – І орын  АрықбаеваГ., Мұратова А.

- Халықаралық фестиваль конкурс «BEST STARS»- Г.Арықбаева Диплом

--«Мерейлі отбасы-бақытты бала кепілі»атты ІІ Республикалық шығармашылық сурет байқауы Г.Досова  Диплом

- «Бақыт-отбасынан басталады» Республикалық онлайн конкурс- І орын – 2 педагог

- ҚР АжКМ куәлік №17359-СИ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту теориясы» атты республикалық олимпиада – 7 педагог – ІІІ орын

- ҚР АжКМ куәлік №17359-СИ «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» атты республикалық 

ІІ олимпиадасы  - І орын – 2 педагог, ІІ орын – 3 педагог

- Республикалық «Мәртебелі маман» байқауы – Бас жүлде – 1 педагог, І орын – 5 педагог, ІІ орын – 1 педагог

- Республикалық «Өрлеу» порталына «Абай дана-Абай дара қазақта» шығармашылық байқауы (бейнеролик) жарияланды – 6 педагог  Алғыс хат

- ІІІ Республикалық «Дара бала» атты байқау «Балабақша әлемі» Республикалық балабақша порталы – 3 педагог Алғыс хат

- ІІІ Республикалық «Дара бала» атты байқау «Көркем сурет» номенациясы – І орын -7 бала, ІІ орын – 2 бала

Тәрбиеленушілердің  жетістіктері:

Пони Халықаралық «Палитра» байқауы

ІІІ орын -16 бала, ІІ орын -6 бала, І орын -4 бала

-Медиа білім журнал порталы Республикалық «Өрлеу» порталы  «Қош келдің,Алтын күз» республикалық онлайн байқау «Сурет» номинациясы – І орын – 3 бала.

Көкжиек» Республикалық білімдер сайты шығармашылық байқау – І орын 6 бала, ІІ орын 3 бала

-Медиа білім журнал порталы Республикалық «Өрлеу» порталы  «Тәуелсіздік- мәңгі елдің тұғыры» республикалық онлайн байқау – І орын – 12 бала

-Республикалық Өрлеу порталы Республикалық Абай,Мұқағали өлеңдерін оқу байқауы «Абай-дана,Абай-дара қазақта» байқау – Бас жүлде – Амангелді Альбина, І орын – Султангалиева Айша.

-Халықаралық достар дауысы байқауы  ІІІ Халықаралық сурет байқауы -

–І орын – 1 бала, ІІІ орын – 4 бала

- Медиа білім журнал порталы «Қош келдің әз Наурыз» республикалық  байқауы

І орын – 1 бала,

-Самғау ғылыми әдістемелік орталығы «Шуақты көктем» атты І Республикалық байқау – І орын -9 бала, ІІ орын – 2 бала, ІІІ орын – 2 бала

-«Ұстаз жолы» ғылыми әдістемелік орталық «Ғарыш әлемі» І Республикалық онлайн  байқау- І орын – 5 бала, ІІ орын – 2 бала.

-«Umit” республикалық шығармашылық орталығы- І орын – 1 бала

- Халықаралық фестиваль конкурс «BEST STARS» - І орын 2 бала, ІІ орын – 2 бала

- «Тіл болашағы балабақшада» аудандық байқауы ІІІ жүлделі орнын

2022 жылы балабақшамызда көп жылдар бойы күткен күрделі жөндеу жұмысы өтті. Жобаның соммасы 105632.  Жасалған жұмыстарға тоқталсақ: электр, жылу, су жүйесі толығымен ауыстырылды. Ғимараттың ішінде жарларды сырлау жұмыстары, еден ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың сырты металосайдингпен қапталып, ауласына брущатка төселінді.2022-2023 оқу жылының қараша айында балабақша өз жұмысын жаңарған ғимаратта бастады.

Ең бастысы - балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай,  баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім  мен сүйіспеншіліктің аймағы —ол біздің балабақшамыз. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз — махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.