Ата-аналар мектебінвң жоспарына сәйкес балабақшамыздың ересек топ балалары №3 Алға қазақ орта мектебіне саяхатқа барды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 30 қаңтар 2024 жылы балабақшада «Мақал сөздің атасы, жұмбақ ойдың азығы» атты мақал және жұмбақтар сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Балаларға сөз азығы мақал дегендей ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке,ойын нақты айтуға, тапқыр сөйлеуге тәрбиелеу.Ата тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру.сөздік қорын молайту.Сайысқа ересек топ балалары әжелерімен қатысты. Іс-шара барысында әжелерге де «Мақалды құрастыр» сурет арқылы мақалды айту бойынша тапсырмалар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша әжелер осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жиі ұйымдастарылып тұрса деген ұсыныстар айтты.
13.02.2024 жылы «Біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес «Жеті ата-шежіре бастауы» атты іс шара ұйымдастырылды. Ересек топ ер балалары жеті атасын жатқа айтып жарысты.
Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі . Тіпті «әже» деген жаныңа жақын аяулы атаудың өзі де баланы тәрбиесіне, баланың бойына мейірім шуағын төгеді. 19 желтоқсан 2023 жылы балабақшамыздағы «Тұмар» әжелер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Әжемнің ертегісі» атты іс-шара өтті.
«Ертегі - бала болашағының бағдыры» Ж.Абиева
«Ертегі терапиясының - бала тілін дамытудағы орны» А.Бекжанова
2023 жылдың қараша айында «Балабақша жағдайында бейімделген білім беру бағдарламасын іске асыру» атты семинар өтті.
14 қараша 2023 жылы музыка жетекшісі А. Мұратова ашық оқу қызметін өткізді.
Тақырыбы: «Гүл ертегісі»
Міндеттері: Ертегі арқылы балаларды шығармашылыққа баулу. Ойындар жаттығулар сергіту сәті арқылы ұсақ және ірі моторикаларын дамыту.
2023 жылдың 31 тамыз күні балабақшамызда Педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «2023-2024 оқу жылына арналған жұмыстың негізгі бағыттары»
Күн тәртібінде
1.Жазғы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп.
2. Балабақшаның жаңа оқу жылына дайындығын талдау.
3. Жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспарды бекіту.
"Тіл туралы" Заңды жүзеге асыру. Оқу жұмыс жоспарын, күн тәртібін, оқу қызметінің кестесін бекіту.
4. Аттестаттаудан өту үшін кандидатураларды бекіту
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға балабақшадағы тәрбие мен оқыту жүйесіндегі жаңа өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қыркүйек 2023 жыл
27 сәуір 2023 жылы «Балабақша мен ата – аналар ынтымақтастығы – тұлғаны қалыптастыру негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға ауданымыздың балабақша меңгерушілері мен психологтары және логопедтер қатысты